Бүгінде Астана – болашақтың каласы. Мəдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы болып табылатын жас қала, баршамыздың арман қаламыз. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тəуелсіздігіміздің ордасы. Астана қаласы Еуразияның дəл ортасында орналасқан: бір жағынан – еуропалық жетістік, екінші жағынан – шығыс дəстүрі үйлесімін тапқан.
Шыңдары көкті тіреген асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасынды бой түзеген əсем Астана - жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Жер шарының картасынан Астана атауы да өз орнын алды. Тарихымен табиғаты, сəулетімен бүкіл тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы өзімізді сүйсіндіріп, əлем жұртын көркімен тамсандырды.
Астана атауы қайдан шықты? Бас қаланың бұлай аталуының сыры туралы Елбасы өзінің «Қазақстан жолы» кітабында былай дейді: «Бұл қала, Қазақстанның жаңа астанасы менің мақтанышым еді, сондықтан оның атауын сан құбылтуға жол бере алмайтын едім. Онда Ақмоланы қалай атаған, дəл айтқанда, қалай қайта атаған жөн? Ол атау қазақстандықтардың, еліміздің барша ұлты мен ұлысының ғана