Сабақтың тақырыбы: Түс датчигі. Түсті анықтау.
Сабақтың мақсаты: Түс датчигімен, оның баптауларымен және жұмыс істеу принциптерімен танысу. Объектінің түсін анықтауға арналған бағдарлама жасау.
Күтілетін нәтиже:
- Түс датчигімен, оның баптауларымен, жұмыс істеу принциптерімен танысады;
- Объектінің түсін анықтауға арналған бағдарлама жасайды.
- Компьютерде бағдарлама жасау дағдысы қалыптасады.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: класстерлеу әдісі, (түртіп алу) әдісі, Венн диаграммасы
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
- Құралдар: компьютер, түрлі түсті маркерлер, стикерлер, А1 форматты қағаз (плакат), EV3 бағдарламасы, түс датчигі (Color Sensor), LEGO MINDSTORMS EV3 бағдарламасы, слайд;
- Көрнекіліктер: үлестірмелі қағаздар, қима қағаздар, бағалау парақтары.