Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда инновациялық технологияларды қолдану білім алушылардың білім сапасын арттыруға, өз бетінше жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Соңғы жылдары білім беру саласында оқытудың жаңа технологиялары кеңінен қолданылуда.
Өз жұмысымда оқытудың төмендегі технологияларын қолданамын:
- саралап оқыту технологиясы;
- оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;
- Smart технологиясы;
- оқытудың интерактивті әдістері.
Сараланған оқыту технологиясын қолдану арқылы білім алушылардың білімді неғұрлым берік және терең игеруге, жеке қабілеттерін, өзіндік шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етеді.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы білім алушылардың білім беру процесіне белсенді қатысуына және сол арқылы сабақтың тиімділігін арттыруға көмектеседі.
Оқытудың интерактивті әдістері мен Smart технологияларын пайдалану оқытудың тиімділігін, білім алушының пәнді оқуға және жалпы оқуға деген қызығушылығын арттырады, білім беру сапасын жақсартады, білім алушы мен оқытушының шығармашылық әлеуетін жандандырады, оқытудағы жеке және сараланған тәсілдерді жүзеге асырады, оқу процесін басқарудың икемділігін қамтамасыз етеді, білімді бақылау сапасын және оның түрлерінің алуан түрлілігін арттырады, ұсынылатын оқу ақпаратының көлемін кеңейтеді. Бұл ресурс білім алушыларға оқытылатын пәнге жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Менің оқу мақсаттарым оқу материалының толық мазмұнын ашады деп санаймын, өйткені мен жоғарыда аталған технологиялар арқылы жүзеге асыратын оқытудың белсенді әдістерін қолданамын.