Мақсаты: Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Есік қағылады. Қарлығаш құсы ұшып келеді. Тәрбиеші құстың тұмсығындағы хатты алып қуанышты кейіппен хат келгенін хабарлайды.
Хат: «Құрметті балалар!-Сендерді «Сиқырлы сандық» еліне шақырамын.Сендер ол жерден көп нәрсені көзбен көріп, жақсы әсер алады деп ойлаймын».
Тәрбиеші: Балаларға жол сапары барысында көп жол қилыстары кездесетінін,жол ережесін мұқият сақтауларын ескертеді.
Тәрбиеші: -Балалар алдымызда екі жол айырығы жатыр.Бірі жіңішке,екіншісі жалпақ жол.
-Қалай ойлайсыңдар қандай жол жаяу жүргіншілер жолы?
Тәрбиеші: -Міне біз бірінші жол қилысына жеттік.Жолдан өту үшін ненің көмегіне жүгінеміз?.
(Бағдаршаммен толығырақ таныстыру)
Біраз жүрген соң балалардың алдынан жол асты жаяу өтпесі кездеседі.
Тәрбиеші: -Балалар бұл қандай белгі?Есікте құлып тұр.(Құлыптың арасында хат болады,хатты алып оқу) Жұмбақ шешу. Белгімен танысу.
Жол және бала
Полная версия материала