Күн сайын күнделікті қажеттілігімізді қанағаттандыру электр энергиясымен жүзеге асып отыр.Елімізде мұнай мен газ қорының шектеулі болуынан, ертенгі күнгі энергия тапшылығына шалдықпас үшін болашақ энергиясын дамытуымыз керек.Бұл мәселені шешудің екі жолы бар: энергоресурстарды үнемді жұмсау және баламалы энергия көздерін пайдалану.
Қазіргі заманда электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Сол себепті де электр энергиясын алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қазбалардың жетіспеушілігі салдарынан электр энергиясын өндіру, жел энергетикалық құрылғыларды, күн батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.
Баламалы энергия көздері – бұл өз-өзінен жаңарып тұратын , желден, судан, күннен алынатын табиғаттың таза энергиясы. Бұндай энергияны пайдаланудың өзіндік құнына қатысты мәселе баршылық . Өйткені мұндай нысандардан босатылатын баға тұтынушы үшін жоғары. Сонда да әлемнің көптеген елдері таза қуатты энергия көздерін барынша пайдалануға ауысу үшін көптеген құрылғыларды жасап, оны іске қосып келеді. Ғалымдардың болжамынша, ХХІ ғасырдың ортасына қарай жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30 пайызға дейін жетпек. Электр энергиясын тұтыну көлемі барған сайын артып барады. Халықаралық энергетикалық агенттік электр энергиясын тұтыну көлемі қазіргіден 1,5 есе артады деп болжап отыр. Ақиқатын айтсақ, жұмыр жер дәл қазір жаһандық энергетикалық апат алдында тұр. Ал, Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары20 пайызға, 2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр.Соңғы жылдары Қазақстан Үкметі де баламалы энергия көздерін мемлекеттік қолдаудың бірқатар шараларын жүзеге асыруда. Оның дәлелі ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Нұр-Сұлтанда өтуі – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі болды. «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты – баламалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру еді. Бүгінгі күні бізге қол жетімді энергоресурстар адамзаттың ажыратылмас мұрасы болып табылады, оны жауапты және ұтымды пайдалану қажет. Бұл жаһандық іс-шараның міндеті – энергия тұтынуды жоспарлау мен бақылау, сондай-ақ болашақ ұрпақтардың өмірі үшін қажетті тұрақты энергия көздері мен біздің ғаламшарымыздағы бүкіл жандыны сақтап қалу үшін халықаралық қоғамдастықты жауапкершілік сезіміне шақыру.