Публикации

RCDO.KZ » Публикации » Жаңартылған білім беру мазмұны аясында акт-ны қолданудың тиімділігі

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында акт-ны қолданудың тиімділігі

ya_socials
Опубликовано:
Автор: Rita08 405

Қазіргі білім беру мазмұнында болып жатқан өзгеріс ол оқу үрдісін жаңашаландыру. Осы тұста Мұхтар Шаханов ағамыздың сөзі еске түседі  «Бала жүрегі кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында үнемі сол күйсандықтың кілті жүруі керек» дегендей, ұстаз үнемі ізденісте болуы керек деп ойлаймын. Сондықтан да еліміздің білім беру үдерісіне енгізген жаңартылған білім беру бағдарламасы қазіргі заман талабына сай тың бағдарлама болды. 

Бұл бағдарлама мазмұны негізінде оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұрды. Жаңашыл ұстаз ретінде білім жүйесіне енген өзгерістермен уақытылы хабардар болдым. Бірақ сол уақытта менің көкейімді мынадай бірнеше сауалдар болды:

  • Білім жүйесін жаңарту үшін неліктен Кембридж университетінің тәжірибесі таңдалынды? 
  • Жаңартылған білім беру бағдарламасының кейбір ерекшеліктері қандай ?
  • Оқу үдерісінде жүргізілетін қалыптастырушы бағалау барысында берілетін кері байланыстың қандай тиімді тұстары бар? 

Білім жетілдіру курсының Бірінші ( ілгері) деңгейлі курсына  және Жаңатартылған білім бағдарламасы негізінде біліктілік курсына келгенде көкейімдегі сауалдардың жауабын тапқандай болдым.  

Жаңартылған оқу бағдарламаларының негізгі ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымының мазмұнымен таныстым:

  1. Пәннің маңыздылығы;
  2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
  3. Үштілділік саясатты іске асыру;
  4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
  5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
  6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
  7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
  8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
  9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
  10. Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.

Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнына біршама шолу жасасам: Бұл  жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі оқу бағдарламалары «шиыршық» ұстанымы негізінде құрастырылған, оған сәйкес оқытудың әрбір мақсаты және әрбір тақырыбы белгілі бір уақыттан кейін білім көлемі мен олар бойынша дағдыларды бірізді тереңдету, күрделендіру және көбейту арқылы қайта қарастырылады.

Пәндер бойынша барлық оқу бағдарламалары екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі жалпы ақпараттан тұрса, ал екінші бөлігі сыныптар бойынша мақсаттарды қамтиды. Жаңа үлгідегі ұзақ мерзімді жоспарда белгілі бір тарау/бөлімше шеңберінде қамтылуы тиіс оқу мақсаттары көрсетілген. Орта мерзімді жоспарда оқу бағдарламасында тұжырымдалған мақсаттарға сәйкес оқу мақсаттары, сондай-ақ мұғалім мен оқушы үшін ұсынылатын қызмет түрлері, ресурс үлгілері бейнеленген. 

Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялық бағалау жүйесіне өтті. Оқушы жұмысын бағалау- білім сапасының нәтижесі. Біз бағалаудың екі түрін білеміз. Формативті (қалыптастырушы) және суммативті ( жиынтық) бағалау. 

Жалпы қалыптастырушы бағалау сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үрдіс. Сабақ барысында критерий арқылы өзін- өзі бағалау және өзара бағалау әдістері қолданылады. Мен өз тәжірбиемде бағалау әдістерін түрлендіріп қолданамын. Әрине қалыптастырушы бағалаудың нақты түрлері жоқ, сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол мұғалімнің өз шеберлігі. 

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді және оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. 

Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі аяқталғанда өткізіледі. 

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығы мен өлшенетін болды. Бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім:

  • Білім алушы оқытудың қай сатысында? 
  • Олар білім алуда неге талпынады?
  • Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.

Ал, кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданылады, мұғалімнің білім алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге: 

  • Білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру; 
  • Тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;
  • Білім алушылардың жұмысын жетілдіру немесе кемшілік тұстарынжөндеудің жолдарына ұсыныс беру; 
  • Кері әсер ететін сөздерді, білім алушыларды кекету, мысалы, «орынсыз жауап», «осыны ойлауға қалай ақылың жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Кері байланыс жасау- оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нарсе. Кері байланыс оқушыға өзінің мықты және осал тұсын көрсетіп, алға жылжуға ықпал етсе, мұғалімге оқытудағы жіберген кемшіліктерін біліп, өз тәжірбиесіне өзгертулер енгізуге ықпал етеді. Критериялық бағалау жүйесі Филиппин, Сингапур, Жапония, Франция, Финляндия сынды дамыған елдер де пайдаланылады. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы, баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылым мен айналысуына ықыласын туғызады. Бұл критериалды бағалау артықшылықтары:

Ø  Мұғалімдерге:

Сапалы нәтиже алуды қам-тамасыз ететін критерийлерді құрастыруға; 

Өз жұмысын талдау және жос-парлау үшін ақпарат алуға; 

Оқу үрдісінің сапасын жақсар-туға; 

Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып өз жұмысын жоспарлау ; 

  • Оқушыларға:

Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; 

Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; 

Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.

  • Ата-аналарға:

Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;

Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;

Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді

Сонымен қатар бұл бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.

Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе , жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуінің қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын тәжірибе барысы дәлелдеді. Тыңдалым болмаған жағдайда қалған үш дағдының өз нәтижесін бермейтіндігі айдан анық жағдай . Сондықтан қазіргі күні оқу процесінде « ең бірінші тыңдаймыз» деп оқушылардың тыңдалымға дағдылануына баса назар аударып отыру оқушыда өз бетімен тыңдауға назар аудару дағдысын қалыптастыруда. Бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.

Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) үйретеді.

Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытып, алған білімін өз қажетіне тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. 

Бұдан шығатын қортынды ұстаз қызметінің нәтижесі шәкіртінің білімді болуында ғана емес, шәкіртінің білімді өздігінен алып,  алған білімін өз қажетіне өмірде қолдана білуінде.

Бұл сыни ойлауды дамыту технологиясының "дәстүрлі" оқытудан айырмашылығы- білімнің оқушыға дайын күйде берілмеуі. Білімді дайын күйде көрсетпей, оқушының өзінің сыни ойлауына мүмкіндік беру, тұжырымға келуге, шешім қабылдауға үйрету. Осы тұрғыда оқушылар арасынан дарынды оқушылар өзінің көшбасшылық қабілетімен таныла бастайды. Олар топтық жұмыстарда белсенділік танытып, кейде өз тобындағы тұйық оқушылардың сабаққа тартылуына көмегін тигізеді.

Жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі бөлімдерінің бірінде мұғалімнің АКТ-ны қолдану құзіреттілігін нақтылап көрсетілген. Мәселен, әрбір мұғалімнің алдына келген оқушының ойлау қабілеті әртүрлі болады, мәселен кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс атқарса, кейбірі оқу материалын баяу қабылдайды. Мұғалімге мұндай оқушыларға тапсырманы қайта ыңғайлап қарастыруға тура келеді. Осы тұста жаңашыл мұғалімнің іс- тәжірбиесінің ерекше тұсы- оның сабақты түрлендіріп жүргізіп, оқушы жүрегінен жол таба білуі. Оны жүзеге асырудың бір жолы-  заман талабына сай ақпараттық- коммуникациялық технологияны (АКТ) тиімді қолдану.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қазіргі кезде білім беру саласын, оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдаланусыз елестету мүмкін емес. Бiлiм берудегі интерактивті технология сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бір – бірін толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Мектеп тренері ретінде мектептегі мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында әдістемелік- зерттеушілік жұмысты «Блум таксономиясының» 6 қадымы негізінде жүргізуді жөн көрдік.

Қазіргі енгізілген оқу бағдарламасының идеиясында сабақ барысында әлеуметтік өзара әрекеттестік оқуда маңызды рөл атқарады.  Тақырыпты мұғалім  меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді деген, яғни Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда ерекше маңызды рөл атқаратынын  атап көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топта жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» және «оқушы-оқушы» өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симметриялы» болып келеді. Эльберт  Хаббарт «Баланы оқытудың мақсаты - оны әрі қарай мұғалімнің  көмегінсіз-ақ дамытуға қабілетті ету»- деп атап көрсетті. Жаңартылған бағдарлама аясында оқушылармен жан-жақты жұмыстар жүргізілді.

Оқушылардың оқыту үрдісінде тапсырмаларғадескрипторлар құру мен өзін-өзі бағалау, өзара бағалау дағдыларын жолға қойылған. Оқушылар қазіргі таңда дескриптор құруға дағдыланды, жұптық бағалау мен өзін-өзі бағалауды жүзеге асырылуда. Үлгерімі төмен оқушылардың өзі өзара бағалау мен кері байланыс жасау үрдісіне қатысып, өз пікірлерін ортаға салып отыр. 

Қазіргі сабақ құрылымы жеті модульге ықпалдастырылған. Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану модулін қолданып оқу пәндерінде сабақты тиімді өткізуге болады. АКТ құралдары оқушылар үшіноқу материалдарын жеңіл түрде қабылдауына мүмкіндік беретін құрал болса, мұғалім үшін сабақ барысында қолданатынкөмекші құрал. Білім беру үдерісінде көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: Интерактивті тақта, электрондық оқулықтар, компьютер, ғаламтор желілері.

АКТ құралдары оқушылар үшін  оқу материалдарын жеңіл түрде қабылдауына мүмкіндік беретін құрал болса, мұғалім үшін сабақ барысында қолданатын  көмекші құрал. Себебі, сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдарды дайындау мақсатында АКТ құралдарын қолданады. Сабақтың басталуы ең маңызды сәттердің бірі. Мұғалім сабағының мәнді өтуіне сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырудың да ықпалы зор. Оқушыларды сабаққа ынталандыру үшін ұйымдастырушылық сәт  (оқушыларды топқа бөлу) орындалады.  Осы мақсатта сабақта балаларды топқа бөлудің түрлі әдіс- тәсілдерін қолданып отырған жөн. Кейде  уақытты тиімді пайдалану үшін топта бөлу әдісінде АКТ мүмкіндігін пайдаланып " The Hat " бағдарламасы арқылы сыныпты жылдам топтастыруға болады.Оқушылардың ынтымақтаспен бірлесіп жұмыс жасауы оқушылардың сабақ барысында белсенділігін арттырады. Оқыту мен оқу үдерісінде АКТ- ны қолданудың тиімділігі топтық жұмыс барысында  тақырыпқа сай жаңа терминдермен (сөздік) жұмыс жасауға тура келгенде осы АКТ мүмкіндігін пайдаланып ғаламтор желісі арқылы электрондық анықтамаларды қолдануға болады.

Сабақ барысында көбіне кездесетін кедергілер: оқушылардың АКТ құралдарымен барлығының бірдей деңгейде қолдана  алмауы. Бірақ менің мұндай кедергілерді шешу жолындағы бір әдісім:  сыныпты жұмысшы топтарға бөліп, үлгірімі төмен оқушыларды қабілетті оқушыларға жұптастырып бірге тапсырма орындауға бағыттау.

Бұл АКТ құралдарын бірнеше мақсатта қолдануға  болады: көрнекілік ретінде суреттер, диаграммалар, бейнероликтерді қолдануға болады;

Cабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді тәсілдерінің бірі- интерактивті жаттығуларды пайдалану. Мұндай интерактивті жаттығуларды сабақта оқушылардың білімін бекіту, тексеруүшін қолданған тиімді. Бұл интерактивті жаттығулар: 

Ø  Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға;

Ø  Сабақ тақырыбын тереңірек түсінуге;

Ø  Материалды жақсы есте сақтауға мүмкіндік береді.

Жаңартылған білім негізінде кез келген пәннің мазмұны «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық біріктіруші идеясын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады, ата-бабаларымыздың бірегей мәдениетін, әлем тарихындағы Қазақстанның алатын орны мен рөлін, оның жалпыәлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін түсінуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде ол ұлттық және жаһандық азаматтық құндылықтарды қабылдайтын, адамдар құқықтары мен бостандықтарын құрметтейтін және Отанының дамуына өзіндік үлес қосуды қалайтын тұлғаны тәрбиелеу арқылы жүзеге асады. Орта білімнің маңызын белгілейтін құндылықтар: құрмет, әріптестік, азаматтық жауапкершілік, ашықтық, өмір бойы білім алу.

Қорыта кележаңартылған білім бағдарламасы аясында оқыту үдерісінде АКТ  құралдары мұғалімге көмекші құрал болғанымен, оның мәселелері тұстары да жоқ емес. АКТ құралдарын әр пәннің өзіндік құрылымы мен  ерекшелігіне сай орынды қолдану қажет деп ойлаймын. Қазіргі барлық ақпарат құралдары дамыған уақытта қандай да болсын қиын тапсырмаларды сандық технологиялар көмегімен оңай әрі, тез шешуге де болады. Бұл жағдай біздің ғалымдарымызды да ойландырып жүрген үлкен бір мәселе болып тұр. Себебі сандық технологиялар оқушының ойлау қабілетін дамытуға шектеу болып тұр. Оқушы тапсырмаларды ойланып өз бетінше орындағаннан гөрі сандық технологиялар көмегіне сүйенеді. Ал оқушының 11 жыл бойы алған білімін саралайтын  кезеңі ҰБТ- да осы сандық технологияларды пайдалануға қатаң тиым салады.Сондықтан АКТ құралдарын пайдалануды мұғалім сабақ үдерісінде тиімді жоспарлаған жөн. 

Менің мұндай тұжырымға келуіме дәлел ретінде мына мәліметті келтіргім келеді. Силикон алқабы дегенді естуіңіз бар ма? Калифорния штатында орналасқан. АҚШ-тың ғана емес әлемнің керемет технологиялық жаңалықтары жасалатын жер. Сүттің бетіндегі қаймақтары жиналған ғылыми орта. Білесіз бе, сондағы мектептерде компьютер атаулы атымен жоқ. Тақта мен бор, ағаш парта мен тау -тау кітаптар тұратынсөрелер ғана бар онда. Ондағы оқушылар ұялы телефон, планшет дегендерді ұстамайды. Калькулятор деген атымен жоқ. Мұғалімдер мұндай сандық технологияларды оқушылардың үйде де қолданбауын жөн санайды екен. Ең қиын көбейту мен бөлуді оқушылар қағаз бен тақтаға шығаруға міндетті. Бір ғажабы мұндай тәртіп осы Силикон алқабында ғылыми зерттеулер жасайтын ғұлама ата- аналардың талабы бойынша қалыптасқан екен. Бұл мәселерді біздің де ескеруіміз жөн. Сондықтан оқушылардың логикалық қабілетін дамытатын математика сабақтарында АКТ құралдарын орынымен қолданған жөн деп есептеймін.     Қазіргі таңда білім беру үрдісінде осы  АКТқұралдарын қолдану мәселелері өзекті мәселердің  қатарынан орын алып, әлі де ақпарат құралдары бетінде  талқыланып келе жатқан  тақырып.

Бүгінгі ойымды Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген сөзімен аяқтағым келеді Яғни, бұл жаңартылған білім – уақытында жасалған өзгеріс деп айта аламын.

            

Әдебиеттер тізімі

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші ( ілгері) деңгей. Екінші басылым. 2014 - Астана: "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.

2. Элейн Уилсон. Оқыту мен оқу сапасын арттыру үшін сабақтарда сандық технологияларды қолдану // Педагогикалық диалог. №2 (12) 2015  13-17-б.

3. Молдағажиева С.Д. Оқу үшін бағалаудағы кері байланыстың тиімділігі // Педагоги-калық диалог. №2 (8) 2014.110-115-б.

4.Әлеуметтік желілердің әбігері // Apta.kz материалынан https://www.youtube.com /watch?v=gc3P4MM1MQI ( 5.09.2015)

Полная версия материала

Наши олимпиады

Русский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Казахский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ИнформатикаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ФизикаДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Математика (алгебра)Для 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ХимияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
БиологияДля 7-11 классов, 1-2 курсов Открыть
ГеографияДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Английский языкДля 1-11 классов, 1-2 курсов Открыть
История КазахстанаДля 5-11 классов, 1-2 курсов Открыть
Для дошкольниковДля дошкольников от 4 до 6 лет Открыть

Оставить комментарий

Заполните заявку на участие
Язык участия
Обязательное поле (на номере должен быть WhatsApp)
Введен неправильный код
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще ученика?
Вы можете внести от 1 до 5 учеников
Поле обязательно для заполнения
Возраст / Класс / Курс *
Поле обязательно для заполнения
4 года
5 лет
6 лет
7 лет
1 класс
2 класс
3 класс
4 класс
5 класс
6 класс
7 класс
8 класс
9 класс
10 класс
11 класс
1 курс
2 курс
Предмет1 *
Поле обязательно для заполнения
Здравствуй, Новый год! (для детей 4 лет)
600 тенге
Здравствуй, Новый год! (для детей 5-6 лет)
600 тенге
I love English (4-5 лет)
600 тенге
Братья наши меньшие (4-5 лет)
600 тенге
Будем с буквами дружить (5-6 лет)
600 тенге
В мире животных (4 года)
600 тенге
Весёлые загадки (4 года)
600 тенге
Веселые задачки (5 лет)
600 тенге
Весёлые цифры (4-5 лет)
600 тенге
Весёлый счёт (5 лет)
600 тенге
Времена года (4 года)
600 тенге
Время и возраст (6-7 лет)
600 тенге
Вчера, сегодня, завтра (5 лет)
600 тенге
Дни недели и времена года (5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (4-5 лет)
600 тенге
Загадки для детей (6-7 лет)
600 тенге
Занимательная математика (6 лет)
600 тенге
Запутанные буквы (5 лет)
600 тенге
Ищем буквы (5-6 лет)
600 тенге
Логические задачки (4 года)
600 тенге
Математика для дошкольников (6 лет)
600 тенге
Математика для малышей (6 лет)
600 тенге
Начинаем читать (6 лет)
600 тенге
Окружающий мир (4-5 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (5-6 лет)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (1-2 класс)
600 тенге
Основы финансовой грамотности (3-4 класс)
600 тенге
Правила дорожного движения для малышей (4-5 лет)
600 тенге
Пространство и время (4 года)
600 тенге
Пространство и время (6-7 лет)
600 тенге
Развитие речи (4 года)
600 тенге
Развитие речи (5 лет)
600 тенге
Развитие речи (6 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (4-5 лет)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Моя Родина - Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (1-2 класс)
600 тенге
Независимый Казахстан (3-4 класс)
600 тенге
Самый внимательный (5-6 лет)
600 тенге
Строение тела человека (5-6 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (4-5 лет)
600 тенге
Тесты на внимательность (6-7 лет)
600 тенге
Тесты на логику (4 года)
600 тенге
Тесты на логику (5 лет)
600 тенге
Хочу все знать (4 года)
600 тенге
Хочу все знать (5-6 лет)
600 тенге
Цвета на английском (4-5 лет)
600 тенге
Цифры для малышей (4 года)
600 тенге
Часы (6 лет)
600 тенге
Этикет для малышей (4 года)
600 тенге
Логические задачки для первоклассников
600 тенге
Логические задачки для второклассников
600 тенге
Логические задачки для третьеклассников
600 тенге
Логические задачки для четвероклассников
600 тенге
Казахский язык
600 тенге
Русский язык
600 тенге
Английский язык
600 тенге
История Казахстана
600 тенге
Математика
600 тенге
Алгебра
600 тенге
Физика
600 тенге
Химия
600 тенге
Биология
600 тенге
География
600 тенге
Информатика
600 тенге
Познание мира
600 тенге
Цифровая грамотность
600 тенге
Поле обязательно для заполнения
Добавить еще предмет?
Вы можете выбрать от 1 до 5 предметов
К оплате:
0 тенге.
Внимание! Эти данные будут написаны в грамоте!
Проверьте, верно ли вы написали ФИО участников, название учебного заведения и остальные данные. Данные после участия не меняются
Заявка на участие создана. Сейчас откроется страница оплаты