1887 - 1900 ж. Дж.Томсон катодтық сәулелердің электр және магнит
өрісінде ауытқуын көрсететін тәжірибесінде катодтық сәулелердің
электрондар ағыны екенін тағайындады. Осыдан кейін Лоренц атом
құрылысының Томсон үлгісін негізге алып, барлық заттағы физикалық
құбылыстарды, атап айтқанда электрлік, магнитгік, оптикалық қасиеттерін
теория жүзінде түсіндірді, яғни классикалық электрондық теорияны жасап
шығарды. Лоренцке байланыссыз 1900 ж. П.Друде металдардың электр
өткізгіштігін электрондық теория арқылы түсіндірді. Сондықтан да
металдардың өткізгіштігін түсіндіретін классикалық электрондық теория
Друде - Лоренц теориясы деп аталады. Электрондық теорияның мазмұны,
заттың әртүрлі қасиеттері электронның қозғалысы арқылы түсіндіріледі.
Публикации
Наши олимпиады



