2016 жылы қыркүйек айының 3-і күні сыныпқа жаңа мұғалім кіріп өзін таныстырды. Ол Зинат Демесінқызы болатын.Өзінің қай қаладан келгенін,енді бізге үнемі өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретінін айтты.Мен қатты қуандым өйткені, Зинат Демесінқызының ажарынан жылы шырайлы,ақжарқын және ақкөңіл ұстаз екенін байқадым.Үнемі сабағында сабаққа атсалысып отырамын.Зинат Демесінқызыда үнемі мені мақтайтын,шынымды айтсам бұрын өзін-өзі тану сабағына бұлай атсалысып көрмеген едім.Зинат Демесінқызы үздік ұстаздардың бірі жәнеде өте жақсы адам.Ұстаз-мектеп жүрегі деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
Зинат Демесінқызы біздің сыныпқа ашық шара,жарыс ұйымдастырғанды өте жақсы көреді,бізде жақсы көреміз.Өзін-өзі тану пәні бойынша«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»атты онкүндігіне байланысты 02.02-12.02.2018 ж. аралығында ашық сабақтар,ашық шаралар өте жақсы деңгейде өткіздік. Апталықтың мақсаты꞉Оқушыларды адамгершілік,достық,татулық,мейірімділікке тәрбиелеу,жылы сөздердің мағынасын аша отырып,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту .С.А.Назарбаеваның туған күніне орай шаралар ұйымдастырылды.«Шығармашылықтың жолында» бейнеролигін тамашаладық.Фильм өзін-өзі тану сабақтарында жасаған суреттер мен бейне негізінде дайындалды. Балалар өздерінің қуаныштарын жасырмады.Одан соң оқушылар дайындаған бейне-слайд ұсынылды.«Өзін-өзі тану»жобасы туралы түсініктерін толықтыру үшін оқушылар назарына Сара Алпысқызы Назарбаева туралы клип көрсетілді.Оның қоғамдық жұмысы туралы айтылды.Апталық үлкен дайындықпен өткізілді.Ұстазым Зинат Демесінқызына өмірде бақыт,шығармашылықта табыс пен сәттілік тілеймін! Мені мәдениеттілікке,адами қарым-қатынастарда жақсы болуды және көптеген қасиеттерді үйреткен ұстазым Зинат Демесінқызын ешқашан ұмытпай,үйреткендерін есіме ылғида түсіріп отыратын боламын.