Ұстаз деген – ол ұлыесім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсықасиеттерді бойына дарытып, адамгешілікрухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаз әрдайымқасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтыңанасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.Ұстаз берген тәрбие әрбіржанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. «Мұғалім -мектептің жүрегі» депЫбырай атамыз бекер айтпаған ғой. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету - білімгеқұрмет көрсету деп білемін.
Менің ұстазымның есімі –Әлия Қанатқызы. Ақылына көркі сай деп менің ұстазымды айтуға болады. Ұстазымжас болса да, бізге әрдайым ақылын айтып, тура жолды нұсқап отырады.
Ұстазымның мейірімге толы жанары маған қаттыұнайды. Сыныпта оқушылардың барлығы да жақсы көреді. Өйткені ұстазым бізді жылысөздерімен, шуақты күлкісімен баурап алады.
Керек жерінде қас- қабағына да қарата біледі.
Ұстазымыз біздерді әрдайым білімді, тәртіпті,досқа адал, еңбекқор болуға тәрбиелейді. Мен ұстазымды мақтан тұтамын. Өскендемен де апайым сияқты ақылды ұстаз болғым келеді.