Әр адамның өмірінде сүйікті ұстазы болады деп ойлаймын.Ұстаз былай айтқанда,мектептегі екінші анамыз.Ал менің сүйікті ұстазым-Амренова Кулира Сулейменовна.Ол апай маған алғашқы білім баспалдағы «Әліппе» кітабын ұсынып, қолыма қалам ұстатты.Ұстазым маған ұнайды.Осы апайым маған оқуды,әдемі жазуды, есеп шығаруды үйретіп келеді.Кулира апай бізге тек білім беріп қана қоймайды,бізді достыққа, ұжымдылыққа,ұқыптылыққа,
еңбексүйгіштікке,өз тілін, елін құрметтеуге тәрбиелеп келеді. Бір жылдан соң біз алғашқы ұстазымыз Кулира Сулейменовнамен қоштасып ортаңғы буынға көшеміз. Ойыма ой қосып, бізге бар ықыласымен білім берген ұстазыма алғысым шексіз.