I. Кіріспе бөлім:
1.Ұстаз деген ұлы сөз
II. Негізгі бөлім:
- Ұстаздық- ұлы құрмет;
- Сүйікті ұстазым;
III. Қорытынды:
Адам өмірінде анадан кейінгі екінші орынды алатын ол - ұстаз. Ұстаз - бала бойына ақыл ойды, адамгершілік пен сананы, әдептілік пен ар-ұятты сіңіруші. Әлемнің болашақ ғалымын да, данасын да, басшысын да, өсіретін ұстаз. Сондықтан, өмірге әкелген анамызды қалай бағаласақ, ұстазды да солай бағалау керек.
Адам өмірінің қызығы білімнен басталады. Білімді - бала бойына ұстаз сіңіреді.Ұстаз бізге, ең алғаш партаға отырудан бастап, әріп танып, оқуды үйретті. Сонымен , қатар дүниені тануды, әдебиетті, ана тілін бойға сіңірді. Ұстаз деген- бала бойына тек білімді ғана сіңіріп қоймай, оны үлкен өмірге қадам басуға жетелейді және нақты қадам жасауды үйретеді. Ұстаз деген терең мағына. Біздің аңсаған армандарымызға жетуімізге ата-анамыз бен бірге ұлы ұстаздың қосатын үлесі де жетерлік. Мағжан атамыз айтқандай: қадірлі орын- ұстаздікі. Сондықтан, ұстазды қадірлеп бағалау керек
Әрбір оқушының өз жүрегіне жақын тартатын сүйікті ұзтазы болады. Мысалы, менің сынып жетекшім. Маған мектептегі бүкіл мұғалімімдер ұнайды.Өйткені, олар біз үшін қаншама кемшіліктерімізге қарамастан бізді кешіріп, өздерінің бар білген білімін бізге үйретеді. Мысалы, менің сүйікті ұздарымның бірі, әрі сынып жетекшім- Джаппарова Динара Абдималикқызы. Ол бізге қазақ тілі мен қазақ әдебиетінен сабақ береді. Ұстазым өз мамандығын сүйеді және жұмысын барынша ықыласымен орындайды.Олбіздің мектептегі ең үздік мұғалімдердің бірі. Ол бізге бар білгенін үйретеді. Кейде сынып сағатында ол бізге өзінің кеңестерін, ақылын айтады.Сабаққа деген ынтамызды күшейту үшін, жиі іс-шаралар өткізеді. Мен өз ұстазыма мол табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілеймін.