Менің елім – тәуелсіз Қазақстан.Біздің елімізде тамаша табиғат,түбі тереңде жатқан тарих және рухани мәдениетке бай ел.Мен осы халықтардың арасында өсіп келе жатқаныма қуанамын..Еліміз өте бай және қонақжай халық.
Егемендік. Біздің егемендігіміз жайдан жай қолға тиген жоқ . Осы егемендік үшін талай таластар ,еліміздің жастары өз қыршын жастарын қиды. Біз осы батыр аға –апаларымызды мақтан тұтуымыз керек. Себебі осы адамдардың арқасында біз жарқын өмір сүрудеміз
Әрбір адам тәуелсіздікті 1991 жылдың 16 – желтоқсанында қол жеткізгенін біледі .Біздің еліміздің призеденті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Елімнің еркіндігі тәуелсіздік бұл маған ұнайтын қадірлі сөздер . Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтың осы жылында жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда. Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп тұр. Қазақстан ертең күн шыға қауызы ашылып, сосын жан — жағына әдемілік, сұлулық сыйлайтын иісі жұпар гүлдердей жайнап, құлпырып кетеріне осы елдің азаматы ретінде мен кәміл сенемін. Ендігі ұрпақтың мақсаты мол біліммен қаруланып, кең — байтақ жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан қорғау. Тәуелді қазақ жерінен, қазіргі тәуелсіз Қазақстанға көз тіксек, қаншалықты керемет, гүлдей жайнаған жерге айналғанын көре аламыз.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.Осының барлығы билеуші билеріміздің, ақын-қайраткерлеріміздің шолпан жұлдыз іспеттес жастарымыздың арқасы. Осы адамдардың барлығы өзі үшін күресті деп ойлайсыздар ма? Жоқ әрине, олар өздерінің жандарын келешек ұрпақ үшін пида етті. Тәуелсіздік жай атау емес, тарихтың бір бөлшегі. Сол бөлшегін көзіміздің қарашығындай сақтап, құрметтейік, дәріптейік!