Менің отбасым
Менің отбасым. Отан отбасыдан басталады деп бекер айтпаса керек. Отанның бір кішкентай бөлшегі ол отбасы. Әр бір адамның өз отбасысы бар. Сол сияқты менің өз отбасым бар. Анамның аты Гаухар,әкемнің аты Сәрсен және мен әжеммен ағаларым бар.Әкем ағаларыммен бірге Астана қаласында қой жүннен әртүрлі суреттерді жасайды.ЭКСПО көрмесіне көп қызықты суреттерді көрсетіп,халықтың көңіліне ерекше бөленді.Анам мұғалім жоғары сыныптарға қазақ тілі пәнінен сабақ береді.Әжем зейнеткер,әрдайым қасымызда. Менің атым Жанболсын мен 4 сынып оқушысымын.Менің міндетім мектептен білім алып, болашаққа бағдар ету. Менің жанұям, жақындарым мен үшін аса қымбат адамдар. Біз бір-бірімізге әрдайым қолдап, қол ұшын беріп келеміз. Сол себепті менің түсінігімде отбасы қуанышты да, қайғыдыда бірге көріп, өмірдің бар қиындығын бірге жеңу, сенің жақын адамдарың мен бақытты өмір сүруің. Әр бір адам баласы өз отбасымен бірге бақытты бейбіт өмір сүрсе екен деп тілеймін.