Жоспар
І.Кіріспе .............. Менің шағын отаным
ІІ.Негізгі................. Отбасындағы дәстүрлеріміз
ІІІ.Қорытынды ......... Тату отбасы – көпке үлгі
Отан –отбасынан басталады. Осы мақалды мен және менің отбасым түгелдей жақсы түсінеміз.Өйткені менің шағын отаным ,ол –отбасым. Біздің отбасымызда төрт адам бар.Анам ,әкем, мен және інім.Анам – дәрігер,әкем – құрылысшы болып еңбек етеді. Мен үшінші сыныпта оқимын.Інім кішкентай төрт жаста.Балабақшаға барады.Отбасында асқар таудай әкемді бірінші сыйлаймын. Себебі: ол кісі маған ер адамға керек нәрселерді үйретуде.Мереке күндері әкемнің айтуымен біз ең бірінші анамызды құттықтаймыз.Өйткені әкем айтып отырады: ең бірінші аналарыңды сыйлаңдар,ол сендерге жарық дүниені сыйлады деп.Сондықтан мен анамды да жақсы көремін.Біздің үйде ұстайтын отбасылық өзіміздің дәстүрлеріміз бар. Олардың біразын атап өтейін. Олар: үлкенге амандасу,әкеден бұрын дастарханға отырмау,ананың тілін алу,демалыс күндері шаңғымен сырғанау,аптасына бір рет әдеби кітап оқу. Әдеби кітап оқуды әкем үйретті. Олар : ертегі,өлеңдер,жұмбақтар,ақын –жазушы ,батырлардың өмірбаяндары Біздің отбасында әр кім өзі оқыған шығармасы туралы аптаның соңында айтып береді. Мысалы мен өткен аптада Б.Момышұлының өмірбаянын оқыдым.Оны отбасыма баяндап бердім.Әкем «жарайсың» -деп арқамнан қақты.Міне осындай дәстүрлерді мен отбасымның ішінде сақтаймын.Таза жүруді,жақсы оқуды,өтірік айтпауды үнемі анам інім екеуімізге айтып отырады.
Кейбір отбасылар ұрсысып ,айқайласып жатады.Ол дұрыс емес .Өйткені сабақ қарауға кедергі келтіреді ғой.Отбасының бірлігі «татулық» деп білемін.Тату отбасы ғана көпке үлгі бола алады. Мен өзімнің отбасымды шексіз сүйемін.Шығармамды осылай аяқтаймын.