Менің отбасым әлемдегі ең тату отбасы. Біздің отбасы бір-біріне сыпайы сөйлейді. Әпкем маған сабақ орындауға көмектеседі. Кешке қарай біз шәй ішіп отырып, әңгіме айтып, көңілді отырамыз. Қазақтарда отбасы жайлы мақалдар өте көп. Мысалы; "Отан отбасынан басталады" тағы да басқа. Біздің отбасымызда бес адам бар. Олар; әкем, анам, әпкем, кіші әпкем және мен. Міне осындай менің шағын отбасым және асқар тау әкем және аяулы анам бар. Содан кейін мен үшін қадірлі де қастерлі әпкелерім бар. Менің анам менің сабақтарымды тексеріп, түгендеп береді. Мен замат болып ер жеткенде оқуымды бітіріп, ата-анамды асыраймын. Менің ата-анам өте мейрімді. Кейбір отбасыда ата-аналары балалары бір нәрсе бүлдіріп қойса ұрсып жатады, бірақ мен оны түсінемін олар балалары жаман болсын деп емес, олай қайта қателемпесін деп ұрсады. Балалар менің сендерге айтарым ата-аналарыңды тыңдаңдар олардың тілін алыңдар. Мен де осы сөзді ұстанып ата-анамды сыйлап, тыңдап жүрейін. Мен осы өмірде ең бақытты адам шығармын. Себебі бұл өмірде менің отбасым бар. Отбасым мені қиын-қыстау кезінде тастамайды, әрқашан мені қолдап, қолпаштап жүреді. Отбасы бұл сенің жүрегіңнің жартысы, тіпті менің жүрегім тек отбасы деп соғады. Бұл отбасы деген өте қасиетті, сендерге білмейтініңді үйретеді. Сен осы отбасының арқасында адам болдың. Мен отбасымды өмір бойы құрметтеп өтемін. Себебі бұл менің өмірім.
Сочинения (эссе)
Похожие материалы
Наши олимпиады