Менің сүйікті ұстазым
Ұстаздар...Асыл жандар..Бір адамға қаншама лауазым бар:аяулы ана,қадірліұстаз,ақылына көркі сай мұғалім.Кең пейілді бұл жандардың алдынанөтпеген жан жоқ шығар,сірә?Даналық ұстаздың нақыл сөздерінтыңдап,сусындап өсуден басталады.Менің сүйікті ұстазым-химия пәнініңмұғалімі Гүльмира Серікқызы.Ол кісінің сабақ түсіндіргені бар білгенінбіздің құлағымызға құйып,ұқтырғаны ұнайды.Гүлмира Серікқызының өзінсабақта қалай ұстайтыны,ұқыптылығы,әдептілігі,ақылдылығы ұнайды.Гүльмира Серікқызы жалғыз менің емес,барлық оқушының сүйікті ұстазышығар деп ойлаймын.Барлық оқушының сүйікті ұстазы болу олда бірғанибет,талант қой.Гүлмира Серікқызы сабақты түсіндіргендеұрысып,айқайлап емес мәнерлеп сенің миыңа жетіп,қонатындай етіптүсіндіргенін де ұнатамын.Химия пәнін және сабақ беретін ұстаздыұнатқандықтан менде болашақта химия пәнінің ұстазы боламын.Иә,сондай білімді ,ақылды болу қиын шығар.Бірақ сен зейін қойып,ынтасалып оқысаң қандайда болсын қиындықты жеңесің.Сонда ғана өзгеніңсүйікті боласың,маған алғашқы сабақ берген күннен бүгінге дейін сүйіктіұстазым болып келеді.Гүлмира Серікқызы менің сүйікті ұстазымболғандықтан менде ол кісінің сүйікті шәкірті болуға тырысамын.Сондайақылды,парасатты,оқушылардың сүйікті ұстаздары біздің мектептіңшаңырағында көп болғай. «Мектеп –білім тірегі,ұстаз –оныңжүрегі»демекші,ол-мақсаты мен ойын,арманы мен тілегін,білімі мен білігінбала жүрегіне жол табуға арнаған жан және шәкірт жүрегінде мәңгі жатталыпқалатын бейне деп есептеймін өз басым.