Ұстаз-оқытушы,жас ұрпақты тәрбиелеп,білім беретін жан.Ұстаз сөзі- терең мағыналы.Әлем ұстазсыз ешқашан алға баспайды. Ұстаз-ұлағатты есім.Шахтер да,ғалым да,дәрігер де ұстазға бас иген, мұғалімнің білімімен сусындаған.Тіпті әйгілі ақын -жазушылар да ұстаз алдынан өткен.Мектепте сенің анаң да,әкең де-ұстаз.Білім беріп қана қоймай,қолдап отыратын сенің екінші анаң-ұстаз.
Мен қазір 8-сынып оқушысымын.Маған 5-сыныптан
8-сыныпқа дейін тіл байлығын ұғындыра білген ұстазым-Мүгілсім Сатбековна.Мүгілсім апай - қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.Мен қазақ тілі,әдебиет пәндерін қатты жақсы көремін,сүйіп оқимын. Мүгілсім мұғалім-менің қолдаушым,ұстазым, жол көрсетуші ақылшым.Себебі мені әр түрлі жарыстарға қатыстырып,орын алсам қуанышыма бірге қуанды. Мүгілсім мұғалім - білмегенімізді үйретіп,жақсылыққа жол ашқан менің сүйікті ұстазым.Мен мұғалімнің сабағын ешқашан босатпаймын.Ұстазым сабағын өте қызықты етіп өткізеді.Біздің қамымызды ойлайды, алаңдайды.Егер шәкірттері білімді болса,қуанышында шек болмас еді.
Менің сүйікті ұстазым Мүгілсім Сатбековнаның жетістіктері өте көп.Шәкірттері республика,облыс көлемінде әр түрлі жарыстардан жүлделі орындар алуда.Осы шәкірттерінің орын алуы- Мүгілсім ұстаздың арқасы.Күн -түн демей шәкірттерін дайындап,білетінін үйретті.Мен пән олимпиадасынан, жарыстардан 2,1-орын аламын.Ол жеңіс - ұстазым Мүгілсім апайдың еңбегі.
"Өмірдің өзі-ұлы ұстаз", -демекші, ұстазсыз өмір өтпейді.Өмірде қандай адам болмасын ұстаздан білім алады Сондықтан ағайын,ұстаздарымызды бағалайық!