Менің сүйікті ұстазым
Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады, - деп, Абай атамызайтқандай, «Ұстаз - ең қастерлі ұғым». Ұстаз барлық мамандық иесінтәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. Ұстаз алдынан тәрбие алмағанжан жоқ. Атап айтсақ, ғалым да, ақын да, дәрігер де, ғарышкер де,құрылысшы да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарғабүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Біз сияқты мыңдаған бүлдіршіндердіңбойына білім нәрін сеуіп, таудай азамат етіп шығаратын ұстаздарға барлықадамзат баласы борыштар деп ойлаймын. Әр адамның сүйікті ұстазыболады. Ал, менің сүйікті ұстазымның бірі, әрі алғашқы ұстазым – РозаСұлтановаға айтар алғысым шексіз. Алғашқы ұстазым мектептабалдырығын атаған бастап, жан жылуын төгіп, бар білгенін үйретіп, өзініңшыңдалған білімімен бастауыш сынып бағдарламасын терең меңгерткен жан. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы, - деп бекер айтпаса керек. Сондайжақсы ұстанымға ие еткізе білген қазіргі ұстазым –Гүлнұр Аманбайқызы. Олешкімге ұқсамайтын еңбекқор, адал, білімді және мейірімді жан. Бәрімізді өзбаласындай көреді, ақыл айтып отырады, білмегенімізді үйретеді. Оныңәрбір сабағы қызықты да, сапалы болып өтеді. Өмірде өз анаңнан кейінгіқадірлі тағы бір адам болса, ол — ұстаз. Мен ұстаздарымды мақтантұтамын! Ойымды: «Мен үшін жақсы ұстаз бәрінен де артық, өйткені мұғалім –мектептің жүрегі» деген ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин-нің сөзіменқорытындылаймын. Сондықтан да, ұстаздарыма зор денсаулық, қажымасқайрат, аянбай еткен еңбектеріне жеміс, шығармашылық табыс тілеймін!.