Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.
К.Д. Ушинский.
Мен Қарағанды қаласындағы №4 мектеп-инернатының 6 «а» сыныбында оқимын. 2011жылы мектеп табалдырығын аттаған едім. №4 мектеп –инернатында менің бұрыннан бергі достарым оқиды екен. 1- қыркүйекте бірінші қоңырауды мен соққан едім. Мен өте қуанышты болдым. Қоңырау біткен соң барлығымыз өзіміздің кабинетімізге барып,сынып сағатын өткіздік. Бастауыш сыныпты аяқтаған соң, орта буынға , яғни 5 сыныпқа көштік. Бастауыш сыныпта бір мұғалім сабақ берсе , 5 сыныпта әр пәннен жеке – жеке мұғалімдер береді. Өзімнің сүйікті ұстазым туралы баяндап бермекпін.
Ұстазымның аты- жөні – Смағұлова Асылзат Сериковна. Апайымыздың 18 жылдық еңбек өтілі бар. Біздің мұғалім бірінші көзге қарағанда қатал сияқты көрінді. Бірақ уақыт өте келе мұғалімнің аққөңіл,бізге бар білгенін беретін,қатал емес екенін түсіндім.Апаймыз бізге 2 жылдан бері білім-тәрбие беріп келе жатқан нағыз ұстаз. Асылзат Сериковна бізге қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ береді. Қазақтың белгілі ақын жазушыларымен және олардың шығармаларымен таныстырып , өмірде мейірімді, жауапкершілігі мол тұлға тәрбиелегені үшін ұстазымызды қатты құрметтейміз.Бізді мәнерлеп оқуға,ойымызды ашық,еркін жеткізе білуге үйретті. Бізде сабаққа дайындалмай келетін бала болмайды. Мұғалім бізге берген әр сабақты түсіндіргенде өмірмен байланыстырады. Мұғалімнің айтқаның мен жаттап аламын. Асылзат Сериковнаның сабағы өте қызықты өтеді. Сабағында топтық, жұптық ,жеке жұмыс түрлерін қолданады. Маған топпен жұмыс жасаған өте ұнайды.Мен басқа мектебіке көшкім келді.Ал мұғалім мені жібергісі келмеді.Бірақ уақыт өте келе «Бағыңды сынап көр» деді. Бір ай өткеннен кейін мен тест тапсырдым.Барлығы ойдағыдай болған соң мен бірде қуандым,бірде мұнайдым.Өйткені төрт жыл берген мұғалім маған екінші анамдай болып кетті. Мен мұғалімді тастағым келмейді. Бірақ осы әркімге берілмейтін мүмкіншілік дедім де,қазір мен №4 мектеп-интернатында оқып жү рмін.
Осындай ұстаздан білім алып жатқаныма өте қуаныштымын. Мұғалім –зор тұлға.
Ұстазыма зор денсаулық және шығармашылық табыс тілеймін.