Менің Қазақстаным кең байтақ, құшағын кеңге жайған мемлекеттердің бірі. Қазақстанда он сегіз миллион халық тұрады. Олар әр түрлі ұлттардан құралған.
Қазақстан – өте бай ел. Елімізде көптеген қазба байлықтары мен кен орындары бар. Ол шет мемлекеттермен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Қазақстанның алдынғы қатарлы мемлекеттердің бірі екенін «Expo 2017» көрмесін ұтып алғаннан білуге болады.
Мен сол «Expo 2017» көрмесіне барып, тамашалап, болашақта болатын жетістіктерімізді көріп қайттым.
Қазақстан жерінен біздің батырларымыз, ұшқыштарымыз, ғалымдарымыз және ақындарымыз шыққан. Біз солардың ұрпақтарымыз. Әрқашанда оларды мақтан етеміз.
Қазақ елінің мақтанышы – Қазақстан Республикасының рәміздері. Олар: туымыз, елтаңбамыз және әнұранымыз. Олардың әрқайсысы әр түрлі мағына береді. Туымыз – бостандығымыздың белгісі. Әнұран – халықтың жігерлендіру сезімін білдіреді. Ал елтаңба – қазақ халқының бір шаңырақ астында бас қосқанын білдіреді.
Қазақ халқы барша ұлтты бауырына басқан, яғни, біреуді кем, біреуді артық деп санамаған. Біздің елде татулық пен достықтың бірге өрбуі ежелден келе жатыр. Қазақ ұлтының діні, тілі, салт-дәстүрі және мәдениеті ата-бабаларымыздан мұра ретінде қалған.
Менің елім – тәуелсіз ел! Бұл жетістікке мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы қол жеткіздік. Қазіргі уақытта Қазақстан жас мемлекет бола тұра, басқа мемлекеттерден әлде қайда алдыда келеді.
Осындай берекелі елдің, кең байтақ жердің, ынтымағымен, қонақжайлылығымен, жасыл жайлауымен, көріктілігімен тамсандырған «Қазақстан» елін қандай азамат немесе азаматша ұмыта алар еді?! Мен өз елімді басқа ешқандай елге айырбастамаймын. Мен өз Отаным – Қазақстан елін мақтан етемін!