Кең байтақ жері көсілген Қазақстан менің Отаным. Қазақстанның табиғаты көркем, жанға жайлы әсем жерлерге өте бай өлке екендігі шүбәсіз. Халқының көңілі қандай дарқан болса, жері де сондай кең қазақ даласының әрбір тасын, әрбір шөбін, әрбір суын білу, қастерлеу – баршамыздың парызымыз. Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал қазақ халқы біреуді артық біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, табиғаты, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел.
Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер қайрат, қайтпас рух мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жалғасып келе жатыр.
Мен өзімді көк байрағы аспан да желбіреген Қазақ елінде туып- өскенімен мақтанамын. Егеменді елімнің тамаша табиғаты еліктіргені сонша қолыма қаламымды қалай алғанымды да сезбей қалдым.
Қазақстан кеше ғана тәуелсіздігін қолына алып, аяғын қалт-құлт басқан сәбидей, болашағын берік ұстауға белін буған менің елім! Көңілімді ерекше сезімге бөлеп, осы сезім де Менің Отаным – Қазақстан деп кеудемді керіп, мақтана айта алуыма болатынына көзімді жеткізді.
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген! Менің Отаным Қазақстан!
Қазақстан ұлан байтақ елім, кіндік қаным тамған жерім! Қазақстан әлемдегі достық пен бейбітшілік мекеніне айналды. Қазақстанымда бейбітшілік пен тыныштық әрдайым болсын!
Еліміз бізден үміт күтіп отыр. Қазақстанның болашағы үшін аянбай тер төгіп, үлесімізді қосуымыз керек. Менің кіп-кішкентай жүрегім Отаным деп соғады. Мәңгі жаса, мәңгі көркей Қазақстан!!!