Менің Отанымдай көркем, бай, шырайлы жер жоқ бүкіл әлемде біздің елдің адамдары
кеңпейіл,қонақжай халық.Мен осы елдің азаматы болғаныма мақтанамын.Отанымның ең
басты ерекшелігі- бейбітшілік,достық,татулық. Бұл ел әрине менің Қазақстаным. Елімнің
сұлу,қайталанбас табиғатын сөзбен жеткізу мүмкін емес.Даланың мөлдір сулары, асқар
таулары,жануарлары мен өсімдіктері, қазба байлықтары кімді болмасын қызықтырады .
Елімнің кең жазық даласында біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы өмір сүріп келген .
Батырларымыз осы байтақ жерімді соңғы демі біткенше жаулардан қорғаған.Енді міне менің елім Қазақстан 50 дамыған елдердің қатарында. Елордамыз,ару Астана күн санап өсіп ,көркейіп келеді. Оған қарап менде үлкейіп,есейіп, бой жазып келемін.
Елімнің болашағы біздің қолымызда. Оның өркендеуіне біз жауаптымыз.Сондықтан қазір-
ден бастап мен өз басым сабағымды өте жақсы оқып келешекте өз халқыма, өз Отаныма үлесімді қосамын,ғалым боламын.Елім үшін күресемін,алға ұмтыламын және бар күшімді
саламын. Өйткені бұл менің жерім-менің Қазақстаным . Сөз соңында әнұранымның сөздерін қайталағым келеді. Ол арқылы мен тәуелсіз Қазақстанда тұратынымды күллі әлемге паш еткім келеді.
Менің елім,менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін,елім!
Туған жерім менің-Қазақстаным!