«Болашақ-білгендерге тиесілі»,-деп Олжас Сүлейменов атамыз айтып кеткендей, «болашақ»- ол біздің, яғни жастардың қолында. Кімде-кім менен «Болашақ дегенді қалай түсінер едің?»- деп сұраса, менің жауабым былай болатын еді. Әркімнің болашаққа деген көзқарасы әртүрлі. Бес саусақ, бірдей емес. Сол сияқты менің де өз ойлаған, көздеген мақсаттарым жетерлік.
Болашақты мен-бүгіннен, дәл қазіргі уақыттан бастар едім. Әр пенде өмірге келген сәттен бастап, бақытты ғұмыр кешуді, «болашақта кім болам?», «ата-анамның үмітін қалай ақтасам екен?»- деген ойлар мазалайтыны сөзсіз. Менде әлі өсіп келе жатқан жеткіншек болсам да, ата-анамның сәби кезімнен тәрбиесін көріп, көп нарсеге қызығып, алдыма мақсат қойып, соған жетуге тырысудамын.
Елбасымыз, «Болашақ-жастардың қолында» – деген сөздерінің астарында қаншама мән-мағына жатқаны сөзсіз. Қазіргі жас ұрпақ, яғни біз елдің елдігін, шет-шекарасын, мемлекет тұғырын биік ұстайтын басты тұлға десек, ұлы халқымыздың болашағы баянды болатыны даусыз. Сондықтанда ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға жетелейтін күш- білімге ғана тән. Білімді, саналы және салауатты ұрпақ бар жерде еліміздің болашағы мәңгілікке жарқырап тұратыны сөзсіз. Болашағымыздың кемелді болуы біздің қолымызда. Ал мен болашақта елімді көркейтуге өз үлесімді қосатыныма нық сенімдімін. Алдағы уақытта ауызбіршілік, адалдық, және біліктілік қана тиімділік әкелері сөзсіз.
Өткенімізді ұмытсақ болашақ бізді кешірмейді. Сол себепті, рухани құндылықтарымызды, дәстүрлерімізді, салт-санамызды, ал ең бастысы бірлігімізді сақтайық. Тілімізді аялап, дінімізді құрметтеп, асқақтатып биікте ұстайық. Сонда ғана, болашағымыз жарқын болары анық!
Сочинения (эссе)
Наши олимпиады