Сүйікті ұстаз
Мен – Мыкраева Айша, 1-сынып оқушысымын. Мен өз мектебімдегі барлықұстаздарды өте қатты жақсы көремін, бірақ ең сүйікті ұстазым – Бағлан Пазылович.Бағлан ағай –көркем еңбек пәнінен береді. Ол өте өнерлі адам, себебі оның қолынан бәрі келеді. Ол сурет те сала алады, ермек саз бен ағаштан кереме тмүсіндерді жасайды. Өз білетінін бізге де үйретуге тырысады. Сол кісінің көмегімен мен де қазір сурет өнерімен айналысамын. Сайыстарға қатысып алған жүлделерім де бар. Бұл Бағлан Пазыловичтің еңбегі деп ойлаймын.Мені өнерге баулығандықтан, анам мен әкем де еңбек сабағының мұғалімінқұрметтейді. Бағлан ағай басқа ұстаздарға да көмек береді, кеңесін айтады,сондықтан мектепте де оны барлығы сыйлайды.Ұстаздық ету қиын болғанына қарамастан әрқашан көңілді және сабырлы болып жүреді. Мен оны осы үшін құрметтеймін. Осы мұғалімдей адам болу –менің арманым.