Менің кішкентай жүрегім әрқашан менің туып-өскен жерім деп соғады. Қазақстан деген сөздің өзі қасиетті ұғым. Қазақстан елі ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Менің Қазақстаным – ең қымбат, маңызды, сүйікті мемлекет. Ол менің Отаным. Талай заман бойына ата-бабаларымыз күшін салып, өмірін құрбан етіп, ел мен жерді қорғап, бізге аманат етті. Осы бір өлкеде бір отбасындай ынтымағы жарасып жүзден астам ұлт өкілі, он сегіз миллионнан астам адам тұрып жатыр. Әр тілде сөйлеп, әр дінді ұстанатын осынша халықтың бір мемлекетте тату-тәтті тұрып жатқанына таңданамын. Ол бір-біріне деген жылы қатынаспен ғана емес, бауырмалдықпен қатар жүреді. Елімізде қазақ, орыс, түрік, неміс, кәріс, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер басылып, ұлттық бағдарламалар жүргізіліп жатады. Әр ұлттан құралған біздің бәріміздің басымызды біріктіретін – ортақ Отанымыз. Бәріміз үшін бұл жер туған жерге айналған. Ынтымақ пен бірлікке деген талпыныс әр ұлттың жанынан табылады. Әсіресе, ол қазақ халқынан байқалады. Қазақ жері қаншалықты кең, дарқан болса, қазақ халқы да соншалықты қонақжай, әрі кеңпейіл. Қазақстанды мекен еткен әрбір адамға қазақ тілін, тарихывн, салт-дәстүрін білу парыз.
Қазақстан тәуелсіздігін алғанына жиырма бес жылдан асса да, үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізе білді.Оның дамуы қарқынды түрде жүруде. Біз бала болсақ та, әлден болашаққа жоспарлар құрып, мемлекетіміздің дамуына көмектесу керекпіз. Біз тыныштықта өмір сүріп жатқанымыз үшін Нұрсұлтан Әбішұлын құрметтейміз. Жер бетіндегі тыныштық пен бейбітшілік – әр адамның ең басты тілегі мен қалауы.
Мен мемлекетіміздің өткеніме мақтанып, келешегі үшін аянбай тер төгуге дайынмын.