Биыл мен мектеп табалдырығын алғаш аттап, бірінші сыныпқа бардым. Мектеп балабақшаға мүлдем ұқсамайды екен. Балабақшада уақытымыздың барлығы ойынмен өтетін. Ал мектепте жазу жазып, кітап оқиды екен. Мен бірінші қыркүйек күні мектепке жиналып жатқанда ағам маған «Мектепке енді тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасын» - деді. Ол сөздің мағынасын анамнан сұрадым. Анам күлімдеп, «Мектепте ұстаздар ең бірінші әріптермен таныстырып, жазу жазуды үйретеді. Мектепте көп жыл оқып, білім аласын» - деді. Әріп танып, жазу жаза алсам қызықты кітаптарды өзім оқи алатынымды түсіндірді. Сыныптан сыныпқа көшкенде түрлі қызықты пәндерді оқи отырып, білімімді шындайтынымды айтты. Маған мектебім де, сыныптастарым да ұнады. Әсіресе, ұстазым Мукажанова Тиыштык Рымбековна апайды үлгі тұтамын.
Ұстазым Тиыштык апай жөнінде айтатын болсам, ұстаз мен үшін ардақты есім. Ұстаз біздің екінші анамыз. Ұстаз өз шәкірттерінің бойындағы жақсы қасиеттерін ашуға көп еңбек етеді. Ұстазымның әдемілігі, сабақ түсіндіруі, кішіпейілділігі мені қатты қызықтырады. Ол кісі әр сабағын қызықты етіп өткізеді. Мұғалімнің берген білімін ынтамен ұғып, санамызға құюға тырысамыз. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға…» дегендей, қазақ елінің болашағын және елін шексіз сүйетін, білімді, еңбекқор шәкірттер тәрбиелеп, еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз демекпін.
Мен де ата-анамның, ұстазымның еңбектерін ақтап, жақсы оқуға тырысамын.