Біздің мұғалім бір күні наурызда Алғыс айту күні болады деді. Біздің сыныптың оқушылары дайындалып өз үлесін қосты. Біздің мұғалім алдымен анамыз бен әжемізге алғыс айтайық деді. Ол үшін мына әндерді үйреніп алу керексіңдер деді. 1 наурыз күні «Мақпал» мәдениет үйінде концерт болды. Біз мәдениет үйінің үлкен сахнасында тұрып «Менің әжем осындай», «Апа, туған күніңмен!» әндерін айтып шықтық. Біз әнді бәріміз қосылып, бір адамдай айтып шықтық. Біздің әніміз көпшілікке ұнады. Солнечный поселкесінің тұрғындары бізге ұзақ қошемет көрсетті.
Концерттің алдында «Әніміз қалай шығар екен?» деп әрқайсысымыз уайымдаған едік. Мұғалім шашымызды, жағамызды жөндеп, қимылымызды еске түсірді. Ол біздің анамызға ұқсап кетті. Сыныптың атына, мұғалімнің атына кір келтірмейік деп тырысып бақтық. Біз бір үйдің балаларындай тату болып кеттік. Біздің әндерімізді залда отырып аналарымыз бен әжелеріміз де тыңдады. Олар біздің ұжым болып қалыптасқанымызды көрді. Ұстазымызға да риза болды. Біз оған қуандық. Ұстазымыз «сендердің қолдарыңнан бәрі келеді» деді. Концерттен бәріміз бірге шықтық.