Ұстазым менің – ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс, жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып.
Қазақ тың ұлы ақыны Абай айтқанындай, ұстаз болу – жүректің батылдығын талап етеді. Әсіресе, бүгінгі таңда баланы тәрбиелеу, білім беріп, дұрыс бағдар көрсету оңай емес. Мектептің табалдырығын алғаш аттаған сәттен бастап, қолыңа қалам ұстатып, жазуға, кітап оқуға үйретуден жалықпайды.Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанын бәрін жете түсінген,
көрген,естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жағқсы сақтайтын,ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғрымпаз ақыл иесі,мейлінше
шешен,өнер-білімге құштар,аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,жақындарына да,жат адамдарына да әділ,жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп,қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,ержүрек болуы керек.
Менің ұстазым-Ташпулатова Ақмарал Унарбаевна.Ол бізге қазақ тілі және әдебиет пәнінен сабақ береді. Біздің ұстаз бізге сабақты көңілді және түсінікті өткізеді. Барлық ұстаз сондай болады.Сонымен қатар сабақта түсінген нәрсені естеп шығармай, ойымызға түйіп алып, керек жерде қолдануды үйренеміз. Ол үшін бізге ұстазымыз қазақ әдебиетін үйретеді. Ал өмірімізде баламызды тәрбиелеп,оған дұрыс білім беру үшін бізге қазақ тілін үйретеді. Біздің ұстазды мен анамнан да жиі көрген соң оны өз анамдай көремін. Сол сияқты мен ғана емес, басқа да барлық балалар солай ойлайды.
Ұстаз-біздің өміріміздегі ең керекті жан. Егер ол болмаса ,сірә, біздің еліміз дамымаспа еді. Соған байланысты мен мынандай қорытынды ойға келдім: Мен өскенде ұстаздар мен мұғалімдерді қолдап, ұстаз боламын.Ұстаздық маған ұнайды.