Ең алдымен отбасы адам үшін ең жақын жандар. Отбасының басты міндеті өз балаларына жақсы тәрбие беру. Ал енді мен өз отбасымды айта кетсем, менің отбасымда 7 адам:мен, екі әпкем, жан дегенде жалғыз інім, сіңлім және біз қадір тұтатын ата-анам. Біз бақытты отбасымыз. Ата-анамыз бізді тәрбиелеп, өсіруде. Олар бізден тек бір үміт күтуде-ол біздің сабақты жақсы оқуымыз. Біз ата-анамыздың үмітін ақтаймыз. Біз бірімізге қиын сәтте қол ұшымызды созамыз. Біз бауырмал отбасымыз. Қара шаңырағымыздың ақылды арқа сүйер жан әкешім. Әке-асқар тауым, анам-сол таудың етегіндегі мөлдір бұлақ. Мен өз отбасымды мақтан етемін.
Сочинения (эссе)
Наши олимпиады