Қазақстан республикасының жалпыбілім беретін мектептерінде оқыту-тәрбиелеу үдерісінің сапасын арттыру және білімалушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, білікті да білімді, жан-жақты дамыған тұлғаны оқыту-тәрбиелеу жолында тиімді әдіс-тәсілдерді, соның ішінде замануи ақпараттық компьютерлік технологиялардың пайдасы өте зор.
Білім беру жүйесінің цифрлық трансформациясы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Қазақстандағы білім беру нарығында осы үдерістің алдыңғы қатарында келе жатқан платформалардың бірі – TopIQ электрондық оқулықтары. Бұл платформа оқушылар мен мұғалімдерге оқу процесін жеңілдету, жекелендірілген білім беруді қамтамасыз ету және оқу нәтижелерін жақсартуға бағытталған инновациялық құралдарды ұсынады.
Мен, Тулегенова Зивагуль Зулхарнаевна, Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясында орыс тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Мен өзім тәжірибемде 4 қазақ сыныбындағы орыс тілі сабақтарында TopIQ электрондық «Алматыкітап» баспанасының Т.М.Калашникова бастамасымен авторлық ұжыммен жазылған «Русский язык» оқулығын 2020 жылынан бастап қолданамын. Бұл интернет платформасының мүмкіндіктері мұғалім мен оқушыға жайлы оқуға арналған деп санаймын.
TopIQ – бұл тек оқулықтар жинағы емес, ол – интерактивті тапсырмалар, бейнематериалдар, тесттер, тақырыптық диагностика, және оқыту траекториясын бақылау сияқты кешенді функцияларды біріктірген цифрлық экожүйе.
Бұл платформаның мүмкіндері оқушы балаға оқуға жайлы жағдай жасайтынына негізі келесі сипаттамаларында:
- Қолжетімділік: кез келген құрылғыдан (смартфон, планшет, компьютер) интернет арқылы кіруге болады.
- Қызығушылықты арттыруда: интерактивті форматтағы материалдар оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырады.
- Мұғалімге де көп көмегі бар: сабақ жоспарын жеңілдетіп, әр оқушының деңгейіне сай тапсырмалар беруге мүмкіндік береді.
- Оқушының жеке прогресін бақылау: ата-ана мен мұғалім оқушының жетістігін нақты көре алады.
Мен өзім TopIQ платформасын қазақ сыныптарында орыс тілі пәні сабақтарында жиі қолданамын. Нақтылып айтқанда, 4 «Ә» сыныбында орыс тілі пәні бойынша «Алматыкітап баспасы», 2019 жылы шыққан Т.М.Калашникова, А.Б.Султанова, Р.Х.Беспалова, О.В.Карлова, Н.В.Гунько, Р.Ч.Бектурганова авторлары жазған «Русский язык» оқулығының электронды нұсқасы сабақ беруге де оқушының өзіндік жұмысын орындауға тиімді жасалған. Сабақты жоспарлағанда әр оқушыға жеке тапсырма беруге мүмкіндіктері бар. Әсіресе, қабілетті дарынды оқушыларға да арнайы педагогикалық ыңғайды талап ететін, инклюзивті бағдарлама бойынша оқитын оқушыларға электронды оқулықтағы тапсырмалары әрі қызықты, өмірмен байланысты, функционалды сауаттылығын да қалыптастырады, әрі сабақ уақытын үнемдеуге, кері байланысты да уақытында алуға болады.
Сонымен қатар, ауылды жерде интернет желісі дұрыс болмай жағдайда, жоғарыда аталған авторлардың «Русский язык» оқулығының дискіге жазылған аудиоматериалдары көмекке келеді мұғалімге. Жалпы қазақ тілінде оқитын 4 сыныбындағы орыс тілін оқыту бойынша нормативті құжаттарының талаптарында: мемлекеттік білім беру стандарттарында, оқу бағдарламасында – білімалушы осы тілде алдымен коммуникативті дағдыларын игеруі көрсетілген. Аталған талаптарды орындауға электронды оқулықтың қызықты видеосабақтар мен ойын түріндегі тапсырмалар арқылы болады.
«Русский язык» пәні бойынша грамматикалық материалдар, ережелер «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы талаптарына сәйкес, пәнаралық байланыс арқылы ойластырылып ұсынылған. Жалпы адамзат құндылықтарын игеру, оларды оқушы дұрыс қабылдап, өз пікірін еркін жеткізуге арнайы тапсырмалар мен жаттығулары бар.
Мысалы, «Моя родина – Казахстан» тақырыптық тарауының, оқулықтың 1 бөлімінде, 13 беттегі №6 шығармашылық жаттығу бойынша, оқушылар шағын зерттеу жасап, шетелдік адамдарға өз отаны – Қазақстан, туған ауылы туралы ойын түрлі әдіс: әңгіме, видеоролик, сұхзбат алу, хат жазу арқылыжеткізді. Өмірмен байланыстырып, осы 2024 жылғы Астанада қыркүйек айында өткен Көшпенділер ойындарында қосып айтты. Яғни, оқулық мазмұны баланың ойын, сөйлеу мәдениетін дамытуға бағытталған. Жақсы оқитын оқушым бұл тапсырманы ойдағыдай орындап келді. Ол телеканал материалдарына сүйене, бейнеролик жасап, компьютерлік технологияларын жақсы қолдануы функционалдық сауаттылығын даму дәрежесін көрсетті.
Жоғарыда аталған оқулықтың электронды нұсқасында сөздердің жұбын табу, сәйкестендіру, қалып қойған әріптерді орнына қою тапсырмалары тренажер –жаттықтырушы құралы ретінде берілгені үлгірімі төмен, инклюзивті бағдарлама бойынша оқитын оқушыларға өте ұнайды. Өйткені, дұрыс жауабын тапқанша бала машықтанады, компьютермен жұмыс жасайды, белгілерді ажырата бастайды (дұрыс жауаптары жасыл түспен көрінеді). Яғни, әр баланың мүмкіндіктерін ескере, жан-жақты ойластыра жазылған оқулық.
Ата-аналар қауымы да TopIQ платформасындағы «Алматыкітапбаспасы» электрондық оқулықтарын мақтайды. «Бала үй тапсырмасын қалай орындап жатқанын бақылап, қай тақырыпта қиналатынын біліп отырамыз» дейді.
Мен өзім пән мұғалім ретінде осы оқулық мазмұны бойынша оқушыға ұнаған тапсырма бойынша шағын зерттеу жұмысын үлкен көлемді ғылыми жобасын дайындадым. Менің тәжірибемде осы авторлардың 3 сыныптағы «Русский язык» оқулығында «Береги природу!» бөлімінде, «Туған өлкем табиғатын қорғауда қандай үлес қосаламын?» сұрақты мәселені негізге аллып, «Вторичная обработка древесины» атты ғылыми жобада Жұмағазин Саянмен шырша инелерінен брикет жасауға, қайың түбірлерінен ағаш көмірін жасауға жеке кәсіпкерлерге ұсыныс айтып, іске асыруларына себепші болдық. Бұл ғылыми жобамыз аудан, облыс, республика деңгейінже жүлделі орын алды. Бұл жетістікке күнделікті сабақтағы «Алматыкітап» баспанасының Т.М.Калашникова бастаған авторлардың «Русский язык» оқулығының бір тапсырмасы негіз болып, әрі қарай ынталандырды.
«LEADER TopIQ 2025» байқауына өзім, 4 «Ә» сыныбының 2 оқушысы- Сағындық Жансезім мен Есіл Айдын оқушылары қатыстық. Бұл оқушыларымның қоғамдық шараға алғашқы қатысуы - TopIQ электрондық оқулықтарының мүмкіндіктеріне үлкен қоғамға жеткізу болды. Байқаудың 1 кезеңіндегі ұсынған бейнероликтерінде оқушылар TopIQ платформасына өздерінің логин мен құпия сөздері арқылы кіріп, қандай тапсырмалар оларға ұнайтынын көрсетті. Бейнероликтері мектептің ютуб каналында жарияланды.



