Жаңа тауарды жоспарлау және штрих код тақырыбында ашық сабақ өткіздім.
Экономика ғылымында тауар түрлерінің көптеген кезеңдері белгілі.
Тауардың өмірлік кезеңі дегеніміз - өнімнің нарықтағы өмір сүру мерзімі және сатылары болып табылады. Өнімнің өтіміне бәсекелестерге маркетинг стартегиясына тауардың өмірлік циклі маңызды әсер етеді.
Тауардың өмірлік кезеңінің 4 фазасы бар.
1. Нарыққа енгізу кезеңі. Жаңа тауарға нарық қалыптастырады. Сату көлемі,маркетинг шығындары шамалы болады. Бұл фазада пайда алынбайды,керісінше шығын болуы мүмкін.
2. Өсу кезеңі. Тауардың болашағына әсер етеді.Бұл фазада тұтынушылар тауарды қабылдайды,сұраныс өсе бастайды,сату көлемі де өседі.Тауарды өткізуден түскен пайда барынша максималды деңгейіне жетеді.Мұндағы фирманың негізгі мақсаты сату көлемінің өсуін неғұрлым ұзақ уақытқа созу керек. Бұл мақсатқа жаңа сегменттеріне шығу,жаңа өткізу арналарын табу,жарнаманы күшейту арқылы жетуге болады. Баға тіпті төмендеуі мүмкін,өйткені нарықта бәсекелестердің тауарлары сатылады.
3. Кемеліне жету. Жаңа тауар дәстүрлі тауарға айналады.Сату көлемі шектеледі.
Пайда көлемі төмендей бастайды. Тұтынушылардың көпшілігі тауарды әлі де сатып алады.
4. Құлдырау. Сату көлемі төмендей бастайды.Бұл фазада тауардың қасиеттерін зерттеп,
он жаңарту мүмкіндіктерін немесе он өндірістен шығаруды қарастыру қажет.