«Бес тас» ойынының мақсаты:
1.Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын қолдау негізінде ұлттық ойындарды жаңғырту, дамыту.
2.Ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту.
3.Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну, және оған сәйкес дұрыс әрекет (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау)
4.Бес тас ойыны ережелерімен танысу.
5.Ойынды дұрыс ойнау тәсілдерін анықтау.
«Бес тас» ойынының міндеті:
1. Ойыншылардың бұлшық еттерін ширатып, дамытып қана қоймай, ептілікке, қырағылыққа, тез шешім қабылдауға, санауға, топтауға үйрету.
2. Ойыншылардың көзінің көруін жақсартып, көз жанарын жетілдіру.
3. Ойын адамды тыныштандырып, сабырлылыққа үйрету.
4. Ойыншылардың икемділігін арттыру, ой – өрісін дамыту, ептілікке тәрбиелеу.
«Бес тас» ойынының шарттары:
Бестас ойыны 5 адам топ құрап ойнайды. Ойынға 5 домалақ тас немесе асық пайдаланылады.
Ойынның мазмұны:
Ойнаушылар ең алдымен, кім - кімнен кейін ойнайтынын өздері анықтайды. Ол үшін ойыншылар кезекпен бес тасты тобымен жоғары лақтырып, қолдың сыртымен тосып алады осы тәсілді бес рет қайталайды соңында алақанмен қаршып ұстайды. Қаршып ұстау дегеніміз –тасты қолды еңкейте жоғарыдан төмен қарай қағып алу. Лақтырылған бес тасты қолдың сыртымен тосып алу және қаршып алу кезінде бірнеше тас жерге түсіп кетуі мүмкін. Кім көп тас қаршып алса, сол бірінші ойнау кезегіне ие болады.