Оқушыларға атомда электрондардың орналасуы мен қозғалысын түсіндіру
Мақсаты / Цель / Objective: Оқушыларға атомда электрондардың орналасу тәртібі мен заңдылығын және элемент қасиетінің өзгеру себебін түсіндіру,
атом құрылысы туралы білімдерін жетілдіру
Міндеттері / Задачи / Tasks:
Білімділік: Атом құрылысының электрондық және графиктік формулаларын құрастыруды үйрету, химиялық номенклатураны жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше оқып білуге дағдыландыра отырып,ұйымшылдыққа,бірлесе жұмыс істей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың талдау,салыстыру,ойлау қабілеттерін дамыту.
Тип урока/ сабақтың түрі/ type of the lesson: Аралас сабақ, дәстүрлі сабақ.
Формы и методы/ түрі мен әдістері/ forms and methods: АКТ-ны пайдалану.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау, оқытуды
бағалау,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
Оборудование/көрнекіліктер/ resources: Оқулық, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, бейнефильм.