Оқу мақсаты 1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру
Сабақ
мақсаттары
Барлық оқушылар: Тамақтану режимін сақтаудың
маңыздылығын анықтайды.
Көптеген оқушылар: Дұрыс тамақтану ережелерін
құрастырады.
Кейбір оқушылар: Тамақтану режимін сақтаудың
маңыздылығын дәлелдейді.
Бағалау
критерийлері
-Тамақтану режиміне пайдалы тағамдарды және зиянды
тағамдарды атап, ажыратады.
-Бір күндік ас мәзірін құрастырады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта
және өткен уақытта дайындаумен байланысты жаңа сөздер
мен сөз тіркестерін біледі.
Пәнге тән лексика мен терминология:
режим, тағам, сусын, таңғы, түскі, кешкі ас.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
- Салауатты өмір сүру үшін адам не істеу керек?
-тамақтану режимін сақтау үшін не істеу керек?
- Деніміз сау болу үшін қандай тағамды жеу керек?
Құндылықтарды
дарыту
Салауатты өмір салтын қалыптастыру.Қазақ халқының
қонақжайлығына, үлкендерді құрметтеуге баулу.
Пәнаралық
байланыстар
Жаратылыстану-адамның даму қажетіліктерін анықтайды;
сауат ашу- тағамдардың атауларын жазады.