Сабақ жайлы жазба
«Тыңдалым дағдысы-оқушыларды тиімді тыңдауға және ақпаратты түсініп,онымен не істеу керек екенін үйретуге негізделеді»,-деп Мендельсон айтқандай, мен осы сабағымды тыңдалым мен айтылым дағдысына негіздеп жоспарлап жасадым.
Оқу мақсатымды тыңдалым ,жазылым және әдеби тілдік нормалар аясында алып,оқушылар сабақта немен айналысатыны және нәтижесінде нені үйренуге тиіс екендігін анықтау мақсатында оқу мақсатынан сабақ мақсаттарын шығарып алдым.Сабақ мақсатын жоспарлағанда БЛУМ-ның сұрақ қою өлшемінің білу, түсіну,қолдану секілді ойлау деңгейлерін таңдап алдым. Сабақ басында жаңа сабағымның оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырып өтемін.Қолайлы орта құруды жоспарлап, «Мейірімділік шеңберін»құрдық.Осы әдіс арқылы оқушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерін айтып өтеді.Әр оқушыға әр түрлі бейнедегі кеме суреттерін үлестіре отырып,билет таратылады.Осы бойынша үш топқа бірігеді.Сабақ жоспарыма белсенді оқыту,саралай оқыту әдістерін пайдалануды міндетім деп есептеп тақырыпқа сай «Серіктесіңнен сұра» әдісі бойынша тапсырмада берілген мәтін бойынша мәтіндегі орфографиялық,пунктуациялық қателіктерді түзетіп, редакциялайды.Топтық жұмыс барысында «Топтық зерттеу» әдісі бойынша аудиотаспадан мәтінді тыңдайды және сұрақтарға жауап береді Оқушылар топта осы үш сұрақ төңірегінде талдау жасап,қорғап шығады.Оқушының ішкі уәжін арттыру мақсатында қалыптастырушы бағалаудың топтық жұмыс барысында дескриптор бойынша жүргізілді.Жеке жұмыс кезінде «Өзін-өзі бағалау баспалдағы»,жұптық жұмысы кезінде «Балық түрлері бойынша» бағалау түрлерін қолдандым. «Серіктесіңнен сұра», «Ізденіп тап» әдістерін қолдану барысында оқушылар диалогке түсіп, бірлескен оқуға мүмкіндік беретін жұптық диалогтік жұмыс жасалды.Сабақ соңында сабақтың өн бойына кері байланыс ретінде «Төрт сөйлем» әдісі бойынша қорытынды жасалды. Рефлексия кезінде «Білім шыңы»әдісі бойынша оқушылар өз деңгейлерін көрсетті.