Мақсаты:
1.Ойын арқылы оқушылардың сөйлеу, ойлау деңгейін көтеру, тілдерін жетілдіру.
2.Тіл - ата-бабамыздан қалған асыл қазына, байлығымыз екенін ұғындыру.
3.Туған елге,қазақ тілге деген құрметтерін арттыру, тілге деген көзқарастарын қалыптастырып, қызығушылығын арттыру.
Армысыздар .құрметті ұстаздар,оқушылар! Жылсайын тойланатын 22 қыркүйек Тілдер күніне орай ұйымдастырылып отырған,бүгінгі орыс сыныптары арасындағы «Мемлекеттік тіл – менің тілім » атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер.Енді сайысымызды бастамас бұрын турларымен таныстырып өтейін. Сайыс 6 турдан тұрады.