Білімділік: Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарын қалыптастыру. Таулардың биіктік бойынша және пайда болуына қарай бөлінуін меңгерту. Таулардың пайда болуы және ескі,жас таулар жайында түсінік беру.
Дамытушылық: картадан таулардың түрлерін көрсету арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: таулар туралы білім алып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, «Таулар» тақырыбына арналған суреттер. Кескін карталар