Білімділік: Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы», « жазық» ұғымдарын қалыптастыру. Таулардың биіктік бойынша және пайда болуына қарай бөлінуін меңгерту. Таулардың пайда болуы және ескі,жас таулар жайында түсінік беру. Жазықтарды биіктігі жағынан және пайда болуы жағдайына қарай әртүрлі болатыны жайлы түсініктерін қалыптастыру. Жазықтардың шаруашылықта пайдалану түрлерін білу.
Дамытушылық: Дүние жүзінің және Қазақстанның физикалық картасынан таулар мен жазықтарды көрсету және сипаттау арқылы икемділіктері мен дағдыларын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: Таулар, жазықтар туралы оқып қызығушылықтарын тудыру арқылы пәнге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, картамен жұмыс істету арқылы географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: таулар, тегіс және төбелі жазық, ойпат, қыратты жазықтар, таулы үстірттер, жыра, сай,