Білімділік: Ауа температурасын өлшеу, температураның тәуліктік, жылдық, өзгерісінің болу себебі және тәуліктің орташа температурасын анықтау жолдарымен танысу. Су буы қасиеттеріне тоқтала отырып абсолюттік, қаныққан ауа, салыстырмалы ылғалдылық, су буы конденсациясы түсініктеріне анықтама беру. Ауадағы су буының пайда болуын географиялық заңдылықтар тұрғысынан түсіндіру. Тұман және бұлттылық туралы түсініктер қалыптастыру. Олардың атмосферадағы рөліне тоқталу. Бұлт және олардың түрлеріне сипаттама беру.
Дамытушылық: Ауа райы температурасын өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арқылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: амплитуда, температура
Сабақтың кезеңдері:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақты қорытындылау кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Бағалау кезеңі
- Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
- Үйге тапсырма беру кезеңі
Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі