Білімділік: Жауын-шашын түрлерімен таныса отырып, олардың пайда болуы мен сипатына тоқталу нәтижесінде атмосфералық жауын-шашын туралы түсінікті қалыптастыру. Өткен сабақтардың негізінде желдің пайда болу себептері мен оның мазмұнын, маңыздылығын ұғындыру, желдің физикалық заңдылықтар негізінде пайда болатын құбылыс екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Жнл өрнегін салу, атмосфералық жауын-шашынды өлшеу, есептеу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арқылы , оны қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар:
Сабақтың кезеңдері:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақты қорытындылау кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Бағалау кезеңі
- Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
- Үйге тапсырма беру кезеңі
- Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі