Білімділік: Оқушыларға «гидросфера» жайлы ұғым беру. Дүниежүзілік су айналымы және оның маңызы жайлы оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету. Литосфера, атмосфера, гидросфераның байланыстары жайлы алғашқы мәліметтер беру. «Дүниежүзілік мұхит», «материк», «арал», «түбек», «теңіз» (шеткі, ішкі), «шығанақ», «бұғаз» ұғымдарын қалыптастыру. Картадан мұхиттарды, теңіздерді, материктерді көрсете білу және сипаттай алу. Өздері тұратын жер мен жақын орналасқан теңіздің арақашықтығын өлшеу.
Дамытушылық: Дүние жүзінің физикалық картасынан мұхиттарды, олардың бөліктерін көрсету арқылы және карта бойынша арақашықтықты өлшеу арқылы икемділіктері мен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Гидросфера, дүниежүзілік су айналымы, дүниежүзілік мұхит туралы білім алып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, Қазақстанның физикалық картасы, «Гидросфера» тақырыбына арналған суреттер. Кескін карталар