Білімділік: Оқушыларға мұхит суының температурасы мен тұздылығы жайлы білім беру. Тұздылық пен температураның мұхиттың әр түрлі аймақтарында біркелкі болмауының себептерін ашу. Оқушыларда «толқындар», «цунами», «толысу мен қайту құбылыстары» ұғымдарын қалыптастыру. (оқушылар бұл құбылыстардың пайда болу себептерін меңгерулеріне тиіс). Оқушылардың карта және кескін картамен жұмыс істеу біліктерін ары қарай дамыту.
Дамытушылық: Кескін картаға поляр шеңберлері, тропик шеңберлерін түсіру арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.
Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арқылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру. Кескін картада тропик және поляр шеңберлерін түсіру арқылы икемділіктері мен іскерліктерін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Негізгі ұғымдар: Ауа райы, күн тоқырау, күн мен түннің теңелуі, поляр күні мен поляр түні, жылулық белдеулер