жайлы ұғымдарын қалыптастыру; жер бедері, тау жыныстары мен өзен ағысы сипатының байланысын түсіндіру; өзендердің суға малығуы және өзендерді шаруашылықта пайдалану туралы түсінік беру; өзенге сипаттама беру тәсілін меңгеру. Оқушылардың экологиялық білімдерін жетілдіруге ықпал жасау.
Дамытушылық: Кескін картаға өзендерді, көлдерді түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін карталармен жұмыс істеу біліктерін одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуы туралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, «Өзен аңғарларының көлденең қимасы» суреті
Номенклатура: Ертіс, Миссисипи, Конго, Енисей, Еділ, Амазонка, Амур, Каспий, Арал, Танганьика, Байкал, Зайсан, Бурабай, Шарбақты