Білімділік: Оқушыларға мұхит ағыстары және олардың пайда болу себептері жайлы білім беру.
Дамытушылық: Кескін картаға тұрақты ағыстарды түсіру арқылы оқушылардың карта, глобус, кескін карталармен жұмыс істеу істеу біліктерін одан ары дамыту.
Тәрбиелік: Су ағыстарының шаруашылықта пайдаланылуы туралы білім беру арқылы табиғат суын қорғау мәселелерін қарастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас
Номенклатура: Лабрадор ағысы, Гольфстрим ағысы, Батыс желдер ағысы, Куросио ағысы, Шығыс Аустралия ағысы, Солтүстік Атлант ағысы
Сабақтың кезеңдері:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Сабақты қорытындылау кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
- Бағалау кезеңі
- Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі
- Үйге тапсырма беру кезеңі
- Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі