Сабақтың басталған уақытын хабарлап қоңырау соғылды.Аудиторияға кіргенімде көгершіндердің гуілі, ду-ду әңгіме сап тиылды. Студенттер жаймен орындарынан тұрып, ілтипатпен амандасып жатыр. Күлімдей, жәудірей, қадала, үрке, қорқа қараған көздерге ерекше
сыйластығымды білдіріп, жылы амандастым. Бір қарағаннан адамның көңіл-күйін, ішкі жан дүниесін жазбай танитын қырағы көздерім алдымда отырған отыз шақты баланы бір сүзіп шықты. Үшінші қатардың екінше партасы бос... Оның себепсізден босамағанына, көк шимайдан арылғанына айдың жүзі болған. Орындықтың да артқы қиралаңдаған екі аяғы түзеліп, төрт тағандап тұр. Бұл таза парта мен түзу орындықтың иесі
– 1 курс студенті, Жайық.
Мен және менің кәсібім
Полная версия материала