Соқалардың жіктемесі төмендегідей. Соқалар мақсатына қарай жалпы мақсаттағы және арнаулы; корпустар саны бойынша – бір, екі, үш, төрт, бес, алты корпусты; тракторға жалғау тәсілі бойынша тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы; корпустары дақылдық, цилиндрлі, жартылай бұрамалы және бұрамалы қайырмалармен жабдықталған соқалардағы қайырмалардың нысаны бойынша бөлінеді.
Жалпы мақсаттағы соқаларды 35 см дейінгі тереңдікте жер жыртуға, арнайы мақсаттағы соқаларды жүзімдіктерді, бақша дақылдарын және орман ағаштарын отырғызу үшін топырақты 60 см дейінгі тереңдікте өңдеуге пайдаланады.