Қазіргі заманда латын әліпбиінің беделі және қолданыс аясы өте зор. Дүние жүзінде латын әліпбиі барлық салада қолданатыны бәрімізге мәлім.Ақпарат беттерінде мынадай мысалдар табуға болады: - әлемде 4 млрд адам латын қарпін қолданса , ғылыми еңбектерді жариялайтын журналдардың 70%-ыл атын графикасымен жарық көреді екен.- қазіргі таңда Түркия , Молодова ,Әзірбайжан ,Өзбекстан ,Түрікменстан мемлекеттерінде латын әліпбиі қолданып келеді.Осы елдердің қатарын Қазақстанда толықтырмақ.- елімізде «Үштұғырлы тіл» бағдарламасын іске асыруға белсенді іс-шаралар өткізуде,соның бірі - ағылшын тілін үйрену. Ағылшын тілі-халықаралық тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елдерінде сөйлейді және бұл тілдің латын әріпі -халықаралық ғаламтор тілі.
Сондықтан латын әріпіне көшу бағдарламасының өзектілігі:1.- ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтап , оны әрі дамытуға және жаңартығу жол ашады деп есептеймін;2.- озық елдердің қатарына ену;3.- елімізді,мәдениетімізді, дәстүрімізді,тілімізді өзге елдерге үлгі ету;