Мұғалім үшін басты міндет – қазақ тілі сабағының ерекшеліктерін арттыру, оқушының сабаққа деген қызығушылығын ояту, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту. Әр сабақта менің алға қойған мақсатым: технологиялардың тиімді тәсілдерін қолдана отырып, қазақ тілінің орфографиялық нормасын оқытуды қалыптастыру, қазақша сауатты жазу, сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөз тіркесін жасау арқылы оларды сөйлемдерде дұрыс орналастырып, сөйлем құрау, сөйлем арқылы ойын басқаға жеткізу, басқаның сөзін түсіну де – оқушының тілін дамыту. Сабақта бағдарлама талабына сай оқушылардың сөйлеу әрекетін айтылым, тілдесім, оқылым,, тындалым сондай-ақ Сабақта тілдік, даярлық сөйлесу жаттығуларын жиі қолданамын. Бұл жаттығулар қарым-қатынас жасауға бағытталады: сұраққа жауап беру, сұрақты дұрыс қоя білу, сөйлем үлгілері дұрыс пайдалана білу, ситуациялық жагдайларды сөйлесе білу. Сабақта оқушылардың тілін дамыту үшін алуан түрлі жұмыстар жүргіземін. Мен бесінші сыныптарға сабақ беремін. Әр бір сыныптан 1,2 оқушымен сабақта түзету жұмыстары өтіледі. Осындай балалармен сабақтың басында психалогиялық ахуал өткіземін немесе басқаша оны шаттық шеңбер деп атайды.
Қазақ тілі сабағында оқушылармен түзету жаттығуларын жүргізу
Полная версия материала