Мұқағали өлеңнің мұзбалағы,
Қиял оймен шарлаған түз даланы.
Мен таудан жаратылдым деген ақын,
Төмендеген жоқ сонау құздан әлі.
Жүрекпенен өткізіп әр жырыңды,
Қалдырмадың,көтердің нар жүгіңді.
Қара таудың басында қалғанменен,
Қара өленің бойына қан жүгірді.
Тауқыметпен тартысқан сол жылдары,
Жүрекке сыйды қалай мол жырлары.
Қайда қазір алаша текеметтер,
Арқалаған ақының қоржындары.
Өнеге беру үшін өрелі шын,
Бірін –бірі алыстан көреді шын.
Өйткені Абайларды асқақ санап,
Өмірге келіпсің – ау өлең үшін!!!