«Педагогикалық жобалау формасы және кезеңдері»
«Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымы – көптен бері қолданып келе жатқан ұғым. Бұл ұғым көпшілікке музыкалық білім беру саласында , соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайтын және сол музыканың өзі тәрбие құралы ретінде саналатын жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне байланысты қолданылады. Сонысен бірге музыкалық білім беру педагогикасы түрлі типтерге музыкалық оқу орындарында (балалар музыка мектебі, балалар өнер мектебі, балалардың хор студиясы және т.б.) жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық білім беру және осы саланың бірден-бір күрделі әрі маңызды сатысы колледждер мен консерваторияларда кәсіби музыкалық білім беру мәселелерін қалыптастырады.